"KCG" командасы Құрбан айт мерекесін 2025 жылғы 6–8 маусым аралығында атап өтті.
“KCG” ұжымы 2025 жыл, 06-08 маусым аралығында Құрбан айт мерекесін тойлады.
Осы атаулы күні Серіктестік басшылығы еңбегімен көзге түскен қызметкерлерді мақтау қағаздары мен сыйлықтарын табыстап, құттықтады. Екі ауысымның жұмысшылары марапаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Сонымен қатар, барлық жұмысшыларға мерекелік дастархандар қойылып, жылы шырай туғызып, мерекені бірлік пен дәстүрді құрметтеу рухында өткізуге мүмкіндік берді.
Мұндай бастама жұмысшылардың еңбегі мен үлесін ынталандырып қана қоймайды, сонымен қатар ұжымдық рухты нығайтады, одан әрі дамуға және өнімділікті арттыруға ынталандырады.
Серіктестік қызметінің тағы бір маңызды бөлігі әлеуметтік жауапкершілік пен қоғаммен байланыс болып табылады. Осы бастама аясында Серіктестік атынан құрбандық шалынып, Мақат ауданының 25 мұқтаж отбасына ет және азық-түлік өнімдері таратылды.
Мұндай іс-шаралар “KCG”-ның корпоративтік құндылықтарға адалдығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және жергілікті қауымдастықты қолдауға елеулі үлес қосады.