Қашаған газ өңдеу зауытының құрылысы қырқынды жүріп жатыр
Қашаған газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында жұмыс қарқыны артып келеді. Бүгінгі таңда резервуарларды монтаждау жұмыстары 92,6%-ға, ал жер жұмыстары 81,9%-ға орындалды.
Сонымен қатар бетон құю көрсеткіші 73,8%-ға жетсе, жерасты құбыржолдарын жүргізу 68,8%-ды және металл конструкцияларын монтаждау 64,3%-ды құрап отыр.
Соңғы аптада құрылысшылар факел аймағындағы бетондау процесіне басымдық беріп, бұл учаскедегі жұмыс жылдамдығын едәуір жеделдетті. Сонымен қатар алаңда технологиялық жабдықтар орнатылып, инженерлік желілерді тартып қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жобалық топтың басты міндеті — өндірістік сапаны сақтай отырып, нысанды белгіленген мерзімде тапсыру.