Қашағандағы ГӨЗ құрылысы жалғасуда
Skip to main content

Қашағандағы ГӨЗ құрылысы жалғасуда

| Жаңалықтар
Қашағандағы ГӨЗ құрылысы жалғасуда

«Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтерді басқару бойынша тең басқарушы директоры Бақытжан Таубаев және «QazaqGaz» ҰК жаңа жобалар бойынша директоры Салават Агишев Қашағандағы көлемі 1млрд м3 құрайтын газ өңдеу зауытына инспекция жасады. Іс-шараға GPCI компаниясының профильді мамандары мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында мердігерлер құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы өзекті ақпаратты ұсынып, ағымдағы жылдың соңына дейін жобаның негізгі кезеңдеріне қол жеткізу жоспарлары туралы баяндады.

Құрылыс алаңында 2000 астам маман жұмыс істейді, оның 1377 тікелей персонал. Түнгі ауысымға шамамен 173 қызметкер тартылған. Құрылыс алаңында 339 дана техника жұмыс істейді. Негізгі назар қауіпсіздік техникаларына аударылып отыр. Әсіресе, түнгі ауысым кезіндегі қауіпсіздік шаралары басты назарда.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша ілгерілеу:
✅ Түтін құбырларын орнату аяқталды;
✅ Іргетастарды бетондау, металл конструкциялар мен қызмет көрсету алаңдарын монтаждау және сырлау, технологиялық жабдықтарды орнату, сондай-ақ РВС-5000 типті резервуарларды және көлемі 600 м3 сфералық резервуарларды құрастыру бойынша жұмыстар орындалуда;
✅ Сыртқы инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде (НВК-2).
✅ GPCI вахталық қалашығында әкімшілік-тұрмыстық кешені және 140 және 132 орындық екі жатақханада шатырды монтаждау аяқталды. Тұрақты вахталық қалашықтың құрамына кіретін 140 және 132 орындық жатақханалар мен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарында ішкі бөлімдерді орнату және электромонтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіш:
Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 56 178 м³ (прогресс 73,8%)
Металл конструкцияларын монтаждау: 5768 тонна (28,6%)
Механикалық жабдықты монтаждау: 4 424 тонна (45,3%)
Резервуарларды монтаждау: 1 712 тонна (85%)
Жерасты құбырларын төсеу: 21 810 м (48,8%)

«QazaqGaz» ҰК» АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асырудың кешенді бақылауын жалғастыруда.

Сурет көзі: QazaqGaz сайты

KAZAKH
CONSTRUCTION GROUP

Нақты мекенжайы:
ҚР, Атырау қаласы, Кулманов көшесі, 117/1

Заңды мекенжайы:
ҚР, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1 ғимараты, ВП 16

Телефон: +7 771 076 64 50
Email: dcc_atyrau@kcg.company

ISO 9001 | ISO 14001 | ISO 45001