Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері газ өңдеу зауытының құрылысын тексерді
Skip to main content

Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері газ өңдеу зауытының құрылысын тексерді

| Жаңалықтар
Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері газ өңдеу зауытының құрылысын тексерді

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының жаңа жобалар жөніндегі орынбасары Батыржан Тергеусізов және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Мұнай-газ активтері департаментінің директоры Иван Коротков Қашағандағы қуаттылығы жылына 3 миллиард метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысын тексерді.

Құрылыс алаңын аралаудан кейін мердігерлердің қатысуымен өндірістік кеңес өтті.

Мердігерлер құрылыстың барысы мен 2025 жылдың соңына дейінгі жоспарлары туралы баяндады.
Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 1900-ден астам адам жұмылдырылған, оның ішінде 1231-і тікелей қызметкерлер. Жұмысшылар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша тұрақты аудиттер мен оқу сабақтары өткізіледі.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы (ҚМЖ)

2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша келесі жұмыстар аяқталды:
➡️ Газ тазарту қондырғысының іргетасын салу бойынша бетон жұмыстары 47 596 м³, орындалу барысы 63,75%.
➡️ Металл конструкцияларын монтаждау – 3207 тонна, орындалу барысы 16,02%.
➡️ Механикалық жабдықты орнату – 3552 тонна, орындалу барысы 37,85%.
➡️ Цистерналарды орнату – 710 тонна, орындалу барысы 26,2%.
➡️ Жер асты құбырларын монтаждау – 16 294 м, орындалу барысы 35%.

Дереккөз: qazaqgaz.kz

KAZAKH
CONSTRUCTION GROUP

Нақты мекенжайы:
ҚР, Атырау қаласы, Кулманов көшесі, 117/1

Заңды мекенжайы:
ҚР, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1 ғимараты, ВП 16

Телефон: +7 771 076 64 50
Email: dcc_atyrau@kcg.company

ISO 9001 | ISO 14001 | ISO 45001