KCG компаниясы Атырау облысындағы Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысын жалғастыруда
Skip to main content

KCG компаниясы Атырау облысындағы Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысын жалғастыруда

| Жаңалықтар

KCG компаниясы Атырау облысындағы Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысын жалғастыруда. Нысанда бір мезетте жер жұмыстары, бетон құю, электр-монтаждау жұмыстары, технологиялық жабдықтарды, металл конструкцияларын және инженерлік желілерді орнату жұмыстары қатар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда топырақ қазу жұмыстарының көлемі 1,135 млн текше метрді құрап, жобалық көрсеткіштің 79,7%-ына жетті. Кері топырақ көму жұмыстары 62,6%-ға орындалып, 1,69 млн текше метрден астам топырақ төселді. Бетон жұмыстарының орындалу деңгейі 74,1%-ды құрап, жалпы көлемі 62 мың текше метрден асты.

Негізгі технологиялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 5 284 тонна жабдық орнатылып, жоспарланған көлемнің 52,6%-ы орындалды. Металл конструкцияларын монтаждау жұмыстары 57,4%-ға аяқталып, 11,8 мың тонна конструкция орнатылды. Резервуарлық паркінің дайындығы 92,6%-ға жетті.

Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылым құрылысы да қатар жүргізілуде. Жерасты құбырларын монтаждау жұмыстары 57,6%-ға орындалып, 28,4 мың метр инженерлік желі тартылды. Сәулеттік жұмыстар аясында 8 мың шаршы метрден астам сэндвич-панельдер мен профнастил орнатылды. Электр-монтаждау бағыты бойынша 35 мың метрге жуық кабель өнімдері төселді.

Қазіргі уақытта жобаның барлық негізгі өндірістік учаскелерінде жұмыстар жалғасуда. Осы кезеңдегі басты міндеттер — аса маңызды құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау, электр-монтаж жұмыстарының көлемін арттыру және жабдықтар мен материалдарды кестеге сәйкес жеткізуді жалғастыру.

Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысы өңірдегі ең ірі өнеркәсіптік жобалардың бірі болып қала береді.

KAZAKH
CONSTRUCTION GROUP

Нақты мекенжайы:
ҚР, Атырау қаласы, Кулманов көшесі, 117/1

Заңды мекенжайы:
ҚР, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1 ғимараты, ВП 16

Телефон: +7 771 076 64 50
Email: dcc_atyrau@kcg.company

ISO 9001 | ISO 14001 | ISO 45001