«Kazakh Construction Group» ЖШС-ның ағымдағы жобасы туралы
Skip to main content

«Kazakh Construction Group» ЖШС-ның ағымдағы жобасы туралы

| Жаңалықтар

2023 жылы «Kazakh Construction Group» ЖШС Ескене елді мекенінің аумағында «Қашаған кен орнында жылына 1 000 000 000 нм3 қуаттылығы болатын газды кешенді дайындау қондырғысы» құрылыс жұмысын бастаған болатын. Қәзіргі таңда құрылыс жұмыстарының кезеңі жер және қондыру жұмыстары. Барлық атқарылып жатқан жұмыстар Жоба жоспарына сай атқарылуда.


Серіктестіктің басты приориттері:

Адамдар ресурсын басқару - жобаға жұмылдырылған адам күшінің басым бөлігі жергілікті өңірден қарастырылады. Жобаға адам санын алу жоспары жергілікті атқарушы орагандарымен келісілген ортақ алгоритмге сай жүзеге асады. Бұл Серіктістіктің жергілікті өңірдегі әлеуметтік маңыз бар жергілікті адамдарды жұмыспен қамту саясатына ықпал жасауы болып табылады.

Техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау - жұмыстарды қауіпсіз орындау. Жоба аясында жұмысшылардың және басқа да мүдделі тараптардың өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелдерді жою, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың және апаттардың алдын алу, жұмысшылардың денсаулығына ұқыпты қарау, қоршаған ортаны сақтау.

Мерлігерлерді басқару – мердігерді басқарудың негізгі мақсаты жобаға қатысатын мердігерлер үшін бірыңғай саясатты енгізу және орнату болып табылады. Әлеуетті жеткізушілерді таңдау келіссөздер жүргізу және таңдалған мердігерлерге келісім-шарттар беру арқылы жүзеге асырылады. Құрылыс кезінде өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтып, жоба мақсаттарын біріктіру.

Әлеуметтік сұрақтарды басқару – Серіктестігінің басты құндылығы адам өмірі мен денсаулығы және әлеуметтік сұрақтарды басқару, сондықтан да әлеуметтік сұрақтарды қадағалау басты приоритет болып табылады. Осыған орай жұмысшылардың жағдайы әрдайым бақыланып және жатіспеушіліктер дер кезінде шешіліп отырады. Жалақы мәселесі әрдайым тексеріліп, жылдық инфлияцияға сай өзгеріп отырады, осыған байланысты Серіктестіктің шешімімен биыл 2025 жылы жұмысшылардың жалақысы 20 пайызға көтерілді.

Арнайы сабақтар - Серіктестік жұмысшыларға әрдайым арнайы сабақтар жүргізеді. Ол сабақтардың қатарында басшылық топтың адам ресурстарын басқару біліктілігін арттыру, қайта даярлау және ұжымдық жұмысты нығайту сияқты сабақтар бар. Бұл сабақтар жұмысшылардың өз білімдерін көтеріп, жоба құрылысының барысына өз үлестерін қосуына зор мүмкіндік береді.

KAZAKH
CONSTRUCTION GROUP

Нақты мекенжайы:
ҚР, Атырау қаласы, Кулманов көшесі, 117/1

Заңды мекенжайы:
ҚР, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1 ғимараты, ВП 16

Телефон: +7 771 076 64 50
Email: dcc_atyrau@kcg.company

ISO 9001 | ISO 14001 | ISO 45001