Бейжіңдегі жұмыс кездесуі: тараптар Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауыты жобасын іске асырудың негізгі кезеңдерін талқылады
Skip to main content

Бейжіңдегі жұмыс кездесуі: тараптар Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауыты жобасын іске асырудың негізгі кезеңдерін талқылады

| Жаңалықтар
Бейжіңдегі жұмыс кездесуі: тараптар Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауыты жобасын іске асырудың негізгі кезеңдерін талқылады

2025 жылғы 27-28 мамырда Бейжіңдегі ChinaOil HBP Science & Technology Co., Ltd бас кеңсесінде «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Kazakh Construction Group» ЖШС, «Integra Construction KZ» ЖШС және ChinaOil HBP өкілдерінің Қазақстанның Атырау облысындағы Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасының барысына арналған жұмыс кездесуі өтті.

Отырысқа, атап айтқанда: Мейірбек Ихсанов – «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Құдрет Шамиев – «Integra Construction KZ» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, Данияр Рахымтаев – «Integra Construction KZ» ЖШС бас директоры, Нұрлан Жалбиров – «Kazakh Construction KZ» ЖШС бас директоры, Лю Цзянь - ChinaOil HBP тобының тәуелсіз басқарма мүшесі, Лу Вэй - China Oil HBP Group бас директоры, Чжоу Сюэшеш – бас менеджердің орынбасары, Гао Чуанлин – China Oil HBP Central Asia бас директорының орынбасары қатысты.

Қатысушылар іске қосу жұмыстарын үйлестіру, технологиялық жабдықты орнатуды бақылау, сондай-ақ өндіріс орындарын пайдалану бойынша қазақстандық мамандарды оқытуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Іске асырудың барлық кезеңдерінде мерзімдер мен сапаның сақталуына ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар үшжақты хаттамаға қол қойды, онда қол жеткізілген уағдаластықтар мен жоба бойынша алдағы қадамдар көрсетілген.

Қашағандағы газ өңдеу зауыты консорциум аясында жүзеге асырылуда, оның құрамына:
• «Kazakh Construction Group» ЖШС — консорциумның жетекшісі, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау;
• ChinaOil HBP Science & Technology Co., Ltd — газды тазарту технологиясы және жабдықты жеткізу;
• «Промстройпроект» ЖШС — жобалау.

Жобаның тапсырысшысы – «QazaqGaz» ҰК АҚ.
Атырау облысында зауытты іске асырудың стратегиялық маңызы бар: жоба ұлттық газ инфрақұрылымын дамытуға, шикізатты өңдеу тиімділігін арттыруға және заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталған.

KAZAKH
CONSTRUCTION GROUP

Нақты мекенжайы:
ҚР, Атырау қаласы, Кулманов көшесі, 117/1

Заңды мекенжайы:
ҚР, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1 ғимараты, ВП 16

Телефон: +7 771 076 64 50
Email: dcc_atyrau@kcg.company

ISO 9001 | ISO 14001 | ISO 45001